Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қазақстан Халық партиясы» Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді ұсынды

2020 жылдың 29 қараша 2020 19:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Халық партиясы» Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат election.gov.kz сілтеме жасап.

29 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89 баптарына сәйкес, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

1. Саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

2. Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;

3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;

4. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

5. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;

6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;

7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;

8. Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

9. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.

Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар 10-30 қараша аралығында ( сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.


Жоғары қарай