Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Халықаралық сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығына мүше болды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 16:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Халықаралық сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына (IAEE) мүше болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның IAEE құрамына енуі сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы озық әзірлемелер мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. IAEE құрамына кіру туралы өтінімді Құрылыс және сәулет ғылыми - зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) базасында құрылған «Қазақстан Республикасы сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығы» берді. IAEE талаптарына сәйкес, мүшелікке енгізу жөніндегі өтініш 6 ай ішінде қаралды, содан кейін IAEE атқару комитетінің отырысында Қазақстанға ұлттық делегат мәртебесі берілді», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.

Айта кетейік, IAEE мүшесі болу қазақстандық мамандарға сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа құрылыс технологияларын зертеуге және қолдануға, жас мамандарды бірлесіп оқытуға, бірлескен заттай сынаулар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жалпы оның құрамына 59 мемлекет еніп отыр.

Халықаралық сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығы (IAEE) - бұл коммерциялық емес ұйым, оның ішінде сейсмикалық төзімді құрылыс бойынша әлемнің ұлттық қоғамдарының өкілдері бар.

Ұйым 1963 жылдың ақпан айында Токиода құрылған.


Жоғары қарай