Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымының шұғыл отырысына қатысты

2020 жылдың 11 маусым 2020 08:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ислам ынтымақтастық ұйымы Атқарушы комитетінің ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері деңгейінде бейнеконференция форматында төтенше ашық отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар Палестина аумағының бір бөлігіне, оның ішінде Иордан өзенінің батыс жағалауына Израиль егемендігін тарату жоспарына қатысты ұжымдық ұстанымды талқылап, тұжырымдады.

Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев басқарды. Өз сөзінде ол еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің, 2002 жылғы Араб бейбіт бастамасының тиісті қарарларына сәйкес келетін Халықаралық құқық негізінде Палестина-Израиль қақтығысын реттеуді жақтайтынын және 1967 жылғы шекара бойынша Шығыс Иерусалимдегі астанасы бар Палестина Мемлекетінің құрылуын қолдайтынын атап өтті.

Қазақстан қақтығысушы тараптарды біржақты қадамдардан бас тартуға және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде алдын ала шарт жасамай келіссөз процесін қайта бастауға шақырады.

Ш. Нұрышев, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан бас тартуға негізделген мүдделі тараптардың сындарлы диалогы олардың арасындағы қайшылықтарды еңсерудің жалғыз қолайлы жолы болып табылатынын атап өтті.

Отырыс Сауд Арабиясы мен Палестинаның сыртқы саяси ведомстволарымен ИЫҰ Бас Хатшылығын үйлестіруімен ұйымдастырылды. Іс-шараға 39 астам елдің делегациялары, оның ішінде 24 министрлер деңгейінде қатысты.





ИЫҰ 2008 жылғы 14 наурыздағы Жарғысының 12-бабына сәйкес Атқарушы комитетке осы, алдыңғы және болашақ Ислам саммиттерінің (Түркия, Сауд Арабиясы, Гамбия) және сыртқы істер министрлері кеңесі сессияларының (Бангладеш, Біріккен Араб Әмірліктері, Нигер), сондай-ақ Бас хатшылықтың штаб-пәтері орналасқан елдер (Сауд Арабиясы) және атқаратын қызметіне байланысты Бас хатшы кіреді. Атқарушы комитеттің ашық отырыстары барлық мүше мемлекеттердің қатысуымен өткізіледі.

Қазақстан ИЫҰ-ның 1995 жылдан бастап толық құқылы мүшесі. Ұйымның құрамына 56 мұсылман мемлекеті кіреді.








Басты сөздер: Халықаралық ұйымдар, ҚР СІМ,
Жоғары қарай