Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын іске асырады - Тоқаев

2020 жылдың 25 қараша 2020 11:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде іске асырады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партиямыздың кезектен тыс XX Съезі күрделі әрі маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Бұл мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға. Бүгінде «Nur Otan» партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды. Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүкіл әлемге тараған пандемия Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Мемлекет азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр»,- деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы партия тарапынан халыққа ұдайы қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты.

Партия белсенділері және еріктілері мұқтаж жандардан көмегін аямағанын атап өтті.

«Осындай нақты жұмыс пен жанашырлық береке-бірлігімізді арттыра түседі. Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде іске асырады. Бұл ретте Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету негізгі міндеттің бірі. Мен биылғы Жолдауымда партияның қоғамдағы жетекші рөлі туралы айттым. Біз реформаларды жүзеге асыру барысында «Nur Otan» партиясының зор әлеуетіне сүйенеміз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай