Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып ала ма

2020 жылдың 12 тамыз 2020 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакцина сатып алу жайында айтуға әлі ерте. Қазіргі сәтте біз вакцина сатып алу бойыша бірде-бір келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Себебі препараттар клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтіп жатыр», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, вакцинаны сатып алу үшін ол халықаралық сертифтикаттаудан өтуі тиіс.

«Сондықтан да бұл мәселеге қатысты ешқандай шешім жоқ», - деді Бағат Қожахметов.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып тіркегені туралы хабарладық. Тамыз айының екінші жартысында Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады.




Жоғары қарай