Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу үшін қашан қаражат бөледі

2020 жылдың 28 қазан 2020 14:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу үшін қаржы қаражатын бөлу мәселесі болжамды өндіруші анықталғаннан кейін пысықталады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу және клиникалық сынақтан өткізу бойынша әлемдік мәліметтерді зерделеу, аталған инфекцияға қарсы вакцинациялауға жататын топты айқындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүкіл әлем зерттеушілері коронавирусқа қарсы 190-нан астам вакцина әзірлеу үстінде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкіметтік делегация Ресей Федерациясына барып, вакцина жеткізу мәселесін талқылады. Қазақстан жаһандық вакцина және иммунизация жөніндегі альянс (GAVI) құрған «COVAX Facility» бағдарламасына қызығушылық танытып, ұсыныс жіберді» - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат берді. Қазіргі уақытта отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің ІІ фазасы басталды.

»КВИ-ге қарсы вакцина сатып алу үшін қаржы қаражатын бөлу мәселесі болжамды өндіруші, иммундау еселігі (өндірушілерде бір реттік, екі реттік немесе үш реттік иммундау сызбасы бар) ескеріле отырып вакцина көлемі, вакцина дозасының құны айқындалғаннан кейін пысықталады«, - деді Асқар Мамин.


Жоғары қарай