Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қазақстан құрамасында ойнаған тағы екі футболшы «Астанадан» кетті

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасында ойнаған тағы екі футболшы «Астанадан» кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» футбол клубы мәлім еткеніндей, қақпашы Александр Мокин мен шабуылшы Сергей Хижниченкомен еңбек келісімшарты тәмамдалған.

А.Мокин «Астанаға» 2016 жылы келді. Содан бері клубпен бірге үш мәрте ел чемпионы атанды. Осы кезеңде Александр 58 матчта, соның ішінде Еурокубок ойындарында «Астананың» қақпасын қорғады.

С.Хижниченко елордалық клубқа екі мәрте келген. Алғаш рет Сергей 2010 жылы «Астана» жейдесін киді. Содан кейін 2019 жылы қайта оралды. Осы уақытта ол 30 кездесуде 6 гол соғып, бір рет нәтижелі пас берді.

«Астана» футбол клубы А.Мокин мен С.Хижниченкоға алғысын білдіріп, алдағы спорттық жолдарына сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковтің «Астанадан» кеткенін жазған болатынбыз.

KazFootball.kz мәліметіне қарағанда, С.Мужиковтай тәжірибелі футболшыны өз қатарларынан көруге төрт бірдей клуб – «Тобыл», «Қайсар», «Жетісу» және «Ордабасы» құлшыныс білдіріп отыр.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай