Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан «Қырғи қабақ соғыстың» бұрынғы ошағын үміттің символына айналдырды – Пан Ги Мун

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 18:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Прогресс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун бейнебайланыс арқылы баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдымен барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Қазақстан мен Орталық Азия аймағының досы ретінде Қазақстанның соңғы 30 жылда қаншалықты алға басқаны жөнінде ой жүгірту мен үшін көңіл сүйсінтерлік жайт. Баршаңызға белгілі, өз елімнің отаршылдықтан соғысқа, ал демократия үшін күрестен экономикалық өсу мен тұрақтылыққа қалай жеткенінің куәсімін. Кедейшілікті, соғысты, өсу мен орнықтылықты өз көзіммен көрген мен үшін Қазақстанның табысты өсуге, тұрақтылыққа және аймақтағы көшбасшы болуға апаратын өз жолы мен траекториясының куәсі болу зор мақтаныш», - деді саясаткер.

Сондай-ақ БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы өзінің туған елі Корея Республикасы мен Қазақстанның ынтымақтастығы беки түсуіне тілектес екенін білдірді.

«Мен бұл табысқа негізінен Қазақстанның Тұңғыш Президенті жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан басшылығының арқасында қол жеткізілді деп санаймын. Олар «Қырғи қабақ соғыстың» бұрынғы ошағын үміттің, халықаралық ынтымақтастық пен ядролық қарудан аза аумақтың символына айналдырды. Қазақстанның тәуелсіздігінің алғаш мойындаған елдердің бірі Корея мен Қазақстан арасындағы тығыз екіжақты қарым-қатынастар туралы әрқашан ерекше ықыласпен ойлайтын болам. Қазақстанның аймақтық көшбасшы ретінде өркендеуі жалғасып отырғандықтан, аймақтық тұрақтылықты сақтауға, Кореямен қарым-қатынасын нығайтуға және 2030 жылға дейінгі орнықты дамуға бағытталған барлық игі ұмтылыстарында Қазақтанның табысқа жетуіне тілектеспін. Біз COVID-19 пандемиясы басталуының екі жылдық межесіне біртіндеп жақындаған сайын Қазақстан халқына зор денсаулық пен табыс тілеймін. Алдағы 30 жыл ішінде және одан кейінгі кезеңде бейбітшілік пен өркендеуді тілеймін», - деді Пан Ги Мун.


Жоғары қарай