Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көліктерінің жүруі үшін электрондық кезек құрылды

2020 жылдың 19 қараша 2020 12:36

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» учаскесінде полицейлер қоғамдық тәртіпті бақылауда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті Қазақстан-Қытай шекарасында жүк көлігінің кезегі мен олардың жылжуын бақылауды Панфилов ауданының әкімі басқаратын Штаб жүзеге асыратынын хабарлады. Жүк көліктерінің жүруі үшін электрондық кезек құрылды.

Күн сайын бейнетіркегіштермен камтамасыз етілген жиырмаға жуық полиция қызметкері патрульдеу режимінде екі ауысымда қызмет атқарады. Полиция қызметкерлері учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді және жол ережелерінің қатаң сақталуын бақылайды.

Ағымдағы жылдың басынан «Нұр-Жолы» кеден бекетіне қатысты 13 хабарлама мен өтініш тіркелді.

Әр азамат жол берілген бұзушылық туралы өтінішті жазбаша да, телефон арқылы да 8(72831)51362 номеріне жолдауға құқылы. Мамандар азаматтардың кез келген ескертулері дереу қаралатындығын және мәселені оң шешу бойынша іс-шаралар дер кезінде қабылданатынын еске салады.



Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай