Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайға түсінік берілді

2020 жылдың 26 қараша 2020 17:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі экспорттық тауарлары бар көліктерді Қытай аумағына өткізуге шектеуге қатысты ҚХР-мен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім еткендей, пандемия басталғалы Қытай Қазақстаннан кіретін көліктер санын шектеді.

«Бұрын «Нұр Жолы» бақылау-өткізу пункті арқылы Қытай тарапына күніне 200-ден астам көлік қатынап келсе, пандемия басталғаннан бері бұл сан күніне 20-30 көлікке дейін төмендеді», - деді комитеттен.

Атап өтілгендей, бұл мәселені шешу үшін Қытай тарапымен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде тәулігіне 80 көлікке дейін өткізіле бастады.

«Алайда биылғы 10 қарашадан бастап Қытай қазақстандық тараптан қабылданатын көліктердің санын шектеді. Ал экспорттық тауарлары бар көліктер мүлдем өткізілмейді. Мәселен, ағымдағы жылдың 26 ​​қарашасында Қытай тарапы «Евроотранзит« көліктік-логистикалық орталық аумағында қазақстандық көліктерге тиелген жүктері бар 7 тіркеме ғана шығарды. Осыған байланысты, мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚХР уәкілетті органдарымен келіссөздерді жалғастыруда», - деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен.


Жоғары қарай