Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан машина жасаушыларының дәстүрлі форумы биыл онлайн өтеді

2020 жылдың 10 қыркүйек 2020 19:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан машина жасаушыларының дәстүрлі форумы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекті VIII форум 17 қыркүйек күні басталады.

Форум жұмыс жасаған жылдар ішінде жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен даму институттары, бизнес қауымдастықтар өкілдерінің, сондай-ақ машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары арасындағы диалог алаңына айналды. Сонымен қатар индустриядағы басты салалық іс-шараға айналды.

Шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырады.

Форум аясында ұйымдастырылатын «Kazakhstan Machinery Fair 2020» машина жасау және металл өңдеу бойынша І Халықаралық мамандандырылған көрмесі де 17-20 қыркүйек аралығында онлайн платформада өтеді. Бұл көрмеде отандық және шетелдік жетекші машина жасаушылардың өнімдері ұсынылады.


Иллюстрациялық фото
Жоғары қарай