Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен АҚШ сауда ынтымақтастығын нығайтатын іскерлік кеңес ашылды

2020 жылдың 2 қыркүйек 2020 12:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ Сауда палатасы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес (USKZBC) өз жұмысын бастағанын ресми түрде жариялады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Іскерлік кеңестің басты миссиясы - АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі тереңдету.

«Кеңес төрағасының қызметін Қазақстан экономикасына ең ірі инвестор болып табылатын Chevron компаниясы атқарады» дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Кеңестің хатшылығы вице-президент Хуш Чоксидің жалпы басшылығымен АҚШ Сауда палатасының арнайы аумақтық департаментінде орналасады.


Жоғары қарай