Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстан мен АҚШ жастары бірлескен жобаларды жүзеге асырады

2019 жылдың 21 тамыз 2019 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Америка жастар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастар ұйымдарының нетворкинг және тәжірибе алмасу жобасы аясында өткен шараға АҚШ пен Қазақстан аумағында тіркелген жастар ұйымдарының өкілдері мен екі елдің бірлескен жобаларына тартылған белсенділер қатысты.

Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин қатысып, өз құттықтауын жеткізді.

«Нұр-Сұлтанға қош келдіңіздер! Біздің қаланың ерекше миссиясы бар. Тұңыш Президентіміз-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында астанамыз әлемде бейбітшілік қалыптастыруға белсенді атсалысып келеді. Әлемдік діндер съезі сияқты ауқымды шараларға алаң ұсыну дәстүрге арналған. Бүгінгі форум да сондай пайдалы шараның бірі болады деген үміт бар. Ең бастысы, биыл елімізде Жастар жылы өтіп жатыр. Бүгінгі форум арқылы екі ел жастарының тығыз қарым-қатынасын жолға қоя аламыз. Форум ғылым, мәдениет, спорт саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асуына жол ашып, үздік тәжірибелерді бөлісуге мүмкіндік береді деген үміттеміз», - деді вице-министр.

Форум аясында «Bolashaq» қауымдастығы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және «Kazakhstan Trade Council» бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша үшжақты меморандум жасасты. Сондай-ақ, «Jas Otan» және «Indiana University Fencing Club» арасында, «Астана жастары» және «Words Can Soar» халықаралық ұйымының арасында келісімдерге қол қойылды.

Жоғары қарай