Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Францияның әскерилері жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

2021 жылдың 1 қазан 2021 07:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен Францияның Ұлттық қорғанысы Жоғары зерттеу институты (IHEDN) мен Қазақстан Қорғаныс министрлігі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Қатысушылар Қазақстан мен өңірдің қауіпсіздігін, қарулы күштерді жабдықтау шеңберіндегі ағымдық проблемаларды және перспективаларды талқылады.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан әскерінің өңірлік қауіпсіздікке байланысты дамуы, сондай-ақ бітімгершілік қызметке қатысуы туралы ақпарат ұсынылды.

IHEDN — Премьер-министр басшылық ететін мемлекеттік әкімшілік мекеме. Оның міндеті қорғаныс, сыртқы саясат, қару-жарақ және қорғаныс экономикасымен айналысатын Франция мен шет мемлекеттердің жоғары әскери және азаматтық басшылығының міндеттерін орындау біліктілігін арттыру болып табылады.


Жоғары қарай