Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 19:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.

Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 27 қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалап, қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы екі елдің стратегиялық серіктестігін дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Президенттер бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.


Жоғары қарай