Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2020 жылдың 2 шілде 2020 23:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйченнің бейнеконференция форматында келіссөздері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келіссөздер барысында қатысушылар COVID-19 індетіне қарсы күрес жөніндегі өзара іс-қимылға жоғары баға берді. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық және өңірлік құрылымдар (БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК) аясындағы ықпалдастықты нығайтуға келісті.

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасымен одан әрі байланыстыру, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мүмкіндігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар ағымдағы жылы бірлескен комиссиялар мен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің кіші комитеттерінің кезекті отырыстарын онлайн режимінде өткізуге келісті», - деді ҚР СІМ-нен.

Келіссөздер нәтижесінде дипломаттар ҚР мен ҚХР арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген жан-жақты мәңгілік стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін тағы да растады.


Жоғары қарай