Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Мажарстан қай салаларда ынтымақтастық орнатты

2021 жылдың 26 қазан 2021 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Венгрия стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады. Бұл туралы Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варга айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз өз елдеріміздегі пандемиямен байланысты жағдайды талқыладық, оған қоса экономикалық мәселелер, мәдени ынтымақтастық, білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы әңгімелестік. Үлкен қуанышпен экономиканың қайтадан қарқынды жұмыс істей бастағанын айттық және бұл біздің екіжақты байланыстарды дамыту үшін өте жақсы мүмкіндіктерді ұсынады», - деді Михай Варга ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде.

Спикер Қазақстанға сапары аясында мажар кәсіпкерлерінің үлкен делегациясы келгенін айтты.

«Бизнес-форумға 50-ден астам мажар кәсіпкерлері қатысты, олар өз серіктестерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Нақты ұсыныстарға келетін болсақ, Мажарстан үкіметі энергетика, су шаруашылығы, медицина саласындағы ынтымақтастыққа сенім артып отыр», - деп толықтырды Михай Варга.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варгамен кездесті. Қазақстандық министр қос мемлекет арасындағы саяси диалог жоғары деңгейде екенін, Қазақстан мен Мажарстан бір-бірінің халықаралық аренадағы бастамалары мен күш-жігерін қолдап келе жатқанын айтқан еді.


Жоғары қарай