Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп фармацевтикалық өнеркәсіп ашпақ

2021 жылдың 20 тамыз 2021 18:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Өзбекстанның аумағында фармацевтикалық өнеркәсіп ашу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавируспен күресте Өзбекстан мен Қазақстанның өзара байланысына ерекше тоқталып өткім келеді. Екі елдің Денсаулық сақтау министрлігі індетті жеңу жолында өзара тәжірибе алмасты. ҚР Денсаулық сақтау министрі Өзбекстанда болып, елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға қатысты екіжақты кеңес өтті. Одан бөлек, пандемия өршіп тұрған сәтте, бауырлас қазақ елі өзбек бауырына гуманитарлық көмек көрсетті. Сәйкесінше біздің ел де COVID-19-бен күресте Қазақстанға қол ұшын созды. Бүгінде екі ел арасында аталған бағытта өзара тәжірибе алмасу жалғасып келеді. Соның бірі қазіргі таңда Өзбекстан мен Қазақстан аумағында фармацевтикалық кәсіпорын ашу мәселесі қаралып жатыр», - деді Саидикрам Ниязходжаев елордадағы Өзбекстан елшілігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Елшінің айтуынша, аталған мәселе бүгінде екіжақты қаралып жатыр.
















Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Медицина, Өзбекстан,
Жоғары қарай