Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді

2020 жылдың 21 қараша 2020 17:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов Түркістан қаласында кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, көлік-логистикалық, кедендік ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

ҚР мен ӨР арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспарын іске асыру, аймақтық тауар өткізу жүйесін, Қазақстан – Өзбекстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру, шекара маңы өткізу бекеттерін жаңғырту және т. б. мәселелерге ерекше назар аударылды.

Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2%-ға – $4,5 млрд-қа дейін өсті. Тараптар тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр.




Үкімет басшылары Түркістан қаласында тоқыма бұйымдарын өндіретін «Turkistan Textile» қазақстандық-өзбек бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысты. Тігін фабрикасы «Turkistan» индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі – 700 млн теңге. Өндірістің жобалық қуаты – айына 13 мың тоқыма бұйымдары. Кәсіпорын әйелдер үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

А. Мамин А. Ариповты Түркістан қаласының әлеуметтік, спорт, көлік және туристік инфрақұрылымының жаңа нысандарымен – халықаралық әуежай, конгресс-холл, «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Түркістан Арена» стадионы, Оқушылар сарайы, «Rixos Turkestan» қонақ үйімен, сондай-ақ «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің және 5 мың орындық мешіттің салыну барысымен таныстырды.




Үкімет басшылары Қ. А. Яссауи кесенесіне, «Әзірет-Сұлтан» мәдени-тарихи музейіне барып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Жоғары қарай