Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Ресей 21 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді

2020 жылдың 19 қыркүйек 2020 09:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресейдің уәкілетті құрылымдарының шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейстер өзара негізде аптасына бір рет жиілікпен орындалады.

Рейстер және билеттерді сату Қазақстан мен Ресей белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, шектеулер алынып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, Ресей тарапы Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.


Жоғары қарай