Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы көлік кептелісіне не себеп

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 13:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Қазақстан мен Ресей шекарасында көлік кептелісі неден туындайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиісті талдау шараларын жүргіздік. Бізде өтетін көлік саны елеулі түрде артқан 4 негізгі өткізу бекеті («Тасқала», «Сырым», «Жайсаң», «Қайрақ» бекеттері) бар. Қазақстан арқылы Ресейге бағытталған жүк көліктерінің негізгі ағыны осы төрт бекетке салмақ түсіріп тұр. Атап айтқанда, жолаушылар мен көлік ағынына біз дайын болмадық, себебі Өзбекстан жолаушылар және жүк тасымалын еселеп арттырды. Егер де тауар айналым миллиард доллар болса, ал қазір үш жарым миллиардқа жетті. Сәйкесінше, автокөлік саны да үш есеге көбейді. Бес жыл бұрынғы инфрақұрылым талапқа сай болса, бүгінде енді инфрақұрылымды күшейту қажеттігі бар», - деді Ділманов Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлімен, сондай-ақ өзге де меморгандармен бірлесе тиісті Жол картасы әзірленді. Оның аясында жақын арада жаңғырту шаралары жүргізілетін өткізу бекеттері айқындалды. Осы бағытта қаржыландыру бөлініп, алдағы 2 жылда аталған мәселелер шешімін табады деп күтілуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенатта «2006 жылғы 3 қазандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Қазақстанның және Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқыланды.



Жоғары қарай