Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан мен шетел телеарналарында «Беймәлім Қазақстан» деректі фильмі көрсетіледі

2021 жылдың 24 желтоқсан 2021 19:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Беймәлім Қазақстан» деректі фильмінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Беймәлім Қазақстан» деректі фильмін «Жастарға жол» қоғамдық қоры ұсынды.

Қазіргі уақытта түсірілім толығымен аяқталып, деректі фильмнің алғашқы маусымы көрермен назарына ұсынуға дайын.

«Қазақстан» қонақүйінде өткен деректі фильмнің көрсетіліміне қазақстандық белгілі қоғам және саяси қайраткерлер, сондай-ақ, жобаның демеушілері мен халықаралық серіктестері қатысты.

«Жастарға жол» қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасановтың айтуынша, «Беймәлім Қазақстан» - деректі фильмнің нұсқасында шығарылды.

«Фильмнің бір маусымынан 10 серия шығады. Әрбір серияда Қазақстанның белгісіз жерлері туралы айтылып, көрсетілетін болады. Екіншіден, еліміздің Тұңғыш Президентінің қолымен жасалған тарихты көрсету маңызды. Үшіншіден, елімізді экран арқылы жаңа форматта көрсету болса, төртіншіден, деректі фильм үш тілде, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Біз халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың дипломаттарымен келіссөздер жүргіздік , біздің фильм ТМД және АҚШ аумағында көрсетіледі. Міне, біздің негізгі мақсат - осы», - деді Рафаэль Гасанов.

Айта кетейік, бұрынырақ «Беймәлім Қазақстан» фильмі «СТВ» телеарнасында көрсетілген.

Рафаэль Гасановтың айтуынша, деректі фильмнің жаңа нұсқасы қазақстандық және шетелдік телеарналарда көрсетіледі.

Жыл соңына дейін алғашқы он сериясы көрсетіліп қалу керек. Жалғасы келесі жылы болады.


Жоғары қарай