Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген «Барымташылар» фильмі Францияда прокатқа шығады

2020 жылдың 27 қазан 2020 15:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі Францияда 16 желтоқсанда прокатқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше , кинокартина Бусан, Токио, Гётеборг, Шанхай және Хельсинки кинофестивальдеріне қатысып үлгерді және жақын арада Cottobus неміс кинофестивалі мен Торонтодағы Азия киносының ХКФ конкурсында көрсетілетін болады.

Картинаның режиссерлері - Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиза Такэба (Жапония).

Басты рөлдерде Канн кинофестивалінің жүлдегері Самал Еслямова, танымал жапон актері Мирай Морияма, қазақстандық театр және кино актері Дулыға Ақмолда және жас актер Мәди Менайдаров ойнады.

Естеріңізге сала кетсек, «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмінің өндірісіне Қазақстан тарапынан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, жапон тарапынан – «Tokyo New Cinema» компаниясы атсалысқан.

Туынды жылқы бағумен айналысатын қарапайым отбасы туралы баяндайды. Бір күні жылқы үшін адам өлтіруден тайынбайтын барымташылар отағасын өлтіреді.

12 жасар Олжас барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге көтереді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қолұшын созады.

«Фильмнің сценарийі Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Жақыныңнан айырылудың қандай қиын екенін осы оқиға арқылы кинематографиялық тілмен жеткізгім келді», - дейді режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов.


Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Еуропа, Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай