Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша рейтингте бір жылда 15 сатыға көтерілді

2021 жылдың 21 шілде 2021 11:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мобильді инетернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте Малайзияның алдына шығып, 80 орынға табан тіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Finprom.kz ресурсының жазуынша, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресей мен Малайзияның адына шыққан. Бір жылда елдегі мобильді интернет жылдамдығы 42% артқан.

Тіпті соңғы бір айдың өзінде Қазақстан позициясын 5 пунк бойынша, бір жылда бірден 15 сатыда жақсарып, 80-орынға табан тіреген.

«Мобильді интернеттің жылдамдығы 30,18 Мбит/с-қа жетті. Өткен жылдың маусым айында 21,25 Мбит/с болатын. Жылдамдықтың артуы жылына 42% құрайды. Айта кету керек, интернет байланысының жылдамдығы қатарынан төртінші айда үдемелі қарқынмен өсіп отыр», - деп жазады Finprom.kz.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстанға қарағанда жоғары. Сондай-ақ, рейтингте Малайзия, Египет, Үндістан, Венесуэла сияқты елдерде де мобильді инетернеттің жылдамдығы Қазақстаннан төмен болып шыққан.

Жалпы әлем бойынша мобильді интернеттің орташа жылдамдығы маусым айында 55,34 Мбит/с болған.

Ең жылдам интернет БАӘ (193,51 Мбит/с), Оңтүстік Корея (180,48 Мбит/с) және Катар (171,76 Мбит/с) сияқты елдерде тіркелген.

Ал рейтингтің ең төменгі сатысындағы Ауғанстанда мобильді интернеттің қарқыны 7,37 Мбит/с.


Жоғары қарай