Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде  ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 20:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

31 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

31 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында тұман және көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді.

31 қаңтарда Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

31 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

31 қаңтарда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болуы болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

31 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

31 қаңтар-1 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте 31 қаңтар-1 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.

31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай