Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Орта Азия елдері арасында сайлау өткізуге жақсы маманданған – Еуропарламент депутаты

2021 жылдың 10 қаңтар 2021 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс және мәслихат сайлауының барысын қадағалаушы Еуропарламент депутаттары Тьерри Мариани және Жан-Лан Лакапель оның өту барысына қатысты байқаушы ретіндегі пікірін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталған. Яғни, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Франция Қазақстанның даму прогресі туралы жақсы пікірде. Қазақстан Орта Азия елдері арасында сайлау өткізу бойынша маманданған ел. Басқа елдермен және осыдан 20 жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда сіздерде прогресс жоғары. Оның ішінде экономика және демократия саласында да. Әсіресе, биліктің бейбіт жолмен ауысуын ерекше айтып өткен жөн. Бұл тұрғыда Қазақстан Орта Азия елдеріне үлгі болып отыр», -деді Франциядағы Еуропарламент депутаты Тьерри Мариани елордада тәуелсіз халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, халықаралық байқаушылар, елорда тұрғындарының сайлауға белсенді қатысып жатқанын айтып өтті.

«Біз бүгін бірнеше сайлау учаскесінде болдық, халықтың белсенділігі ерекше байқалады. Одан бөлек, ұйымдастыру деңгейіне тоқталып өткен жөн. Айта кетейік, Францияда наурыз айына белгіленген аймақтық сайлау пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Ал Қазақстан барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, сайлауды өткізіп жатыр. Қазақ халқы өте қонақжай», - дейді Франциядағы Еуропарламент депутаты Жан-Лан Лакапель.


Жоғары қарай