Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Өзбекстанға электр экспортын неге тоқтатты

2021 жылдың 12 қараша 2021 16:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «KEGOC» компаниясының ұлттық диспетчерлік орталығының бас диспетчері Бекжан Мұқатов жыл басынан бері Қазақстан қанша электр қуатын экспорттағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші жартыжылдықта электр энергиясының профициті болды. Шамамен 600 млн МВт электр қуатын Өзбекстанға экспорттадық. Бізде шоғырланатын энергия түгелдей тұтылып, өзімізде жетпейтіндей белгілер пайда болған кезде экспорттау операцияларының бәрі тоқтатылды», - деді компания өкілі.

Оның айтуынша, жылдың қалған екі айында Қазақстан Ресейден электр қуатын импорттауы мүмкін.

«Бүгінге дейін, қазан айына дейін десе де болады, Ресей Федерациясынан және өзге елдерден де электр энергиясы импортталған жоқ. Қазір, яғни қараша мен желтоқсан айларында импорт болатынын жоқ шығармаймыз. Сол үшін «Қазақстан электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» АҚ алаңында сауда-саттық ұйымдастырылып жатыр. Осы алаңда тұтынушылардың қажетті көлемді Ресейден де сатып алуына болады. Қажеттіліктің өсу қарқыны сақталса, шамалап бағалау бойынша, айына 400 млн КВт/сағат болуы мүмкін. Яғни, қараша мен желтоқсан айларында осынша көлемде электр қуаты импортталуы ықтимал», - деді Бекжан Мұқатов.


Жоғары қарай