Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті – халықаралық байқаушы

2021 жылдың 10 қаңтар 2021 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті. Бұл туралы Германияның Бундестаг депутаты М. Хелданың сыртқы саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Германияның сыртқы сауда және Федералды Ассоциациясының экономикалық даму кеңесшісі Урс Ункауф мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше сайлау учаскесінде байқаушы болдым. Бақылау барысында байқағаным Қазақстандағы сайлау ұлттық заңнамаға және халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр. Барлық дауыс берушіге тең құқық берілген. Адамдар бір орында көп шоғырланбауы үшін барлық шара қарастырылыпты. Бұл қуантарлық жағдай. Жалпы Қазақстаннан бөлек, бұған дейін де шетелде өткен сайлауларда байқаушы болдым. Оның қатарында Әзербайжан елінде өткен сайлауда тәуелсіз байқаушы болсам, Оңтүстік Африка, Мадагаскар, Конго демократиялық республикасында өткен сайлауларда халықаралық сарапшы ретінде қатыстым. Ол кезде әлемде коронавирус індеті жоқ еді. Сондықтан арақашықтықты сақтау, маска тағу міндеттелмеді. Бүгін Қазақстан пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін бүкіл әлемге көрсетті. Мен барған әрбір сайлау учаскесінде санитарлық талаптар қатаң сақталған», - деді Урс Ункауф елордада тәуелсіз халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Германия өкілі Қазақстанға сайлау байқаушысы ретінде осымен алтыншы рет табан тірегенін тілге тиек етті.





Жоғары қарай