Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 67-орын алды

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 14:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан паспорты 2020 жылғы Henley Passport Index немесе саяхат үшін ыңғайлы төлқұжаттар рейтингінде 199 елдің арасында 67-орынға орналасты. Бұл туралы Henley & Partners консалтингтік компаниясы сейсенбі күні жариялаған мәліметте айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Henley Passport Index рейтингі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) эксклюзивті мәліметтеріне негізделген және 199 елдің төлқұжаты мен 227 туристік бағытты қамтиды. Және кез келген елде визалық саясаттың өзгертілуіне байланысты жыл бойы жаңартылып отырады.

2020 жылғы Henley Passport Index рейтингінде визасыз қатынауға болатын әр мемлекет үшін 1 балдан берілген. Қазақстан төлқұжаты әлем елдері мен аймақтарға визасыз бару бойынша 76 балл жинап, 67-орынға тұрақтады. Яғни, еліміз азаматтары 76 елге визасыз қатынай алады.

Көш басында – Жапония. Күншығыс елі төлқұжатында 191 ұпай бар, ол үшінші жыл қатарынан бірінші орын алып отыр. Сингапур паспорты 190 ұпаймен – екінші орында, ал Оңтүстік Корея мен Германия 189 ұпаймен – үшінші позицияда.

Ресей төлқұжаты 118 ұпаймен 51-сатыға орналасса, 71 елге визасыз кіру (немесе келу бойынша виза) мүмкіндігін жасаған Қытай барлық елдер арасында 72-ші орында тұр.

Бұдан бөлек, Беларусь 68-інші, Әзербайжан - 76, Қырғызстан - 80, Армения - 81, Тәжікстан - 84, Өзбекстан - 85 және Түрікменстан 90-орында.

Ал тізім соңына Ауғанстан паспорты орналастырылған. Ауған төлқұжатының иелері әлемнің 26 бағытына ғана визасыз кіре алады.

Ирак пен Сирияның төлқұжаттары соңынан санағанда екінші және үшінші орындарда.


Автор Мұхтар Мұрат
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай