Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қазақстан Президенті «Abu Dhabi National Oil Company» бас директорымен кездесті

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 19:12

ӘБУ ДАБИ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Abu Dhabi National Oil Company» кәсіпорнының бас директоры Сұлтан Ахмет Әл Джабермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында «Abu Dhabi National Oil Company» (ADNOC) мұнай компаниясының бас директоры Сұлтан Ахмет Әл Джабермен кездесу өткізді.

ADNOC компаниясы – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мұнай мен газ өндіретін жетекші, ал әлем бойынша төртінші орын алатын кәсіпорын. Оның мұнай қоры шамамен 100 миллиард баррельге тең. Кәсіпорын күніне 2,4 миллион баррельге дейін мұнай өндіреді.





Кездесу барысында тараптар әлемдік нарықтағы мұнай мен газ өндірісі жөнінде пікір алмасып, аталған саланың Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері экономикасының негізін құрайтынына тоқталды.

Мемлекет басшысы еліміздің мұнай-газ саласы бойынша көмірсутектерін терең өңдеуге басымдық беріп отырғанын, осыған байланысты, Қазақстанда мұнай-химия саласындағы жобаларды дамытуға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.





– Қазақстанда мұнай-химия саласы дамып келеді. Алдағы уақытта сіздің компаниямен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы.





Жоғары қарай