Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Қазақстан Президенті АҚШ-қа сапармен барады

2019 жылдың 13 қыркүйек 2019 16:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарына сапармен барады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шет елдерге, өңірлерге сапарына қатысты айтар болсам, келесі аптада екі өңірге – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына сапары алдын ала жоспарланған. Уақытын қосымша хабарлаймыз», - деді Берік Уәли.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары жоспарланып отырғанын да айтты. Осы орайда Президент көмекшісі Мұрат Нұртілеуов Америкаға сапарға қатысты кейбір деректермен бөлісті.

«Өздеріңіз білесіздер, сыртқы саясатта өте белсенді жұмыс жалғастырып келеміз, сабақтастық, жаңа бастамалар бар. Келесі аптада Қасым-Жомарт Кемелұлының БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысуы жоспарланған. Оның барысында Мемлекет басшысы климаттық саммитке қатысады. Содан кейін тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саммитке қатысатын болады. Сонымен қатар біздің жоспарда Нью-Йоркке барған кезде бірнеше америкалық іскер топтармен тиісті кездесулер бар», - деді ол.


Жоғары қарай