Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Президенті «Al Nowais Investments» компаниясының Басқарма төрағасымен кездесті

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 19:58

ӘБУ ДАБИ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Al Nowais Investments» компаниясының Басқарма төрағасы Хуссейн Әл Новейспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті «Al Nowais Investments» компаниясының Басқарма төрағасы Хуссейн Әл Новейспен кездесті.

Біріккен Араб Әмірліктерінде ғана емес, Таяу Шығыс аймағындағы ең ірі инвестициялық ұйым саналатын «Al Nowais Investments» көпсалалы бизнес жүргізіп отырған компания. Оның жылдық айналымы 1 миллиард доллардан асады.

Хуссейн Әл Новейс Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым, денсаулық сақтау және тағы да басқа салалар бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы мағлұмат берді.





Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңартылған энергия көздеріне инвестиция салып, аталған саланы ілгерілету үшін 2013 жылдан бері елді жасыл экономикаға өткізу Тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша көптеген жобалардың қолға алынғанын, 2025 жылға дейін Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының қабылданып, іске асырылып жатқанын атап өтті.


Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай