Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Президенті фельдъегерлік байланыс туралы заңға қол қойды

2021 жылдың 29 маусым 2021 16:10

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Жоғары қарай