Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан Президенті Үндістанның сауда-экономикалық платформасын құру бастамасын қолдады

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 18:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға Үндістан экспортын кеңейту мүмкіндігін қарауға дайынбыз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бірлескен күш-жігеріміз өзара сауданы арттырудың мол мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Өкінішке қарай, Үндістанның сыртқы тауар айналымындағы Орталық Азия елдерінің үлесі бір пайызға да жетпейтіндігін атап өткім келеді. Сондықтан үнді тарапының Сауда және индустрия министрлері деңгейінде сауда-экономикалық платформа құру бастамасы өте өзекті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев «Үндістан – Орталық Азия» саммиті барысында.

ҚР Президентінің атап өтуінше, аталған сауда-экономикалық платформада әзірленген ұсыныстарды нақты бағдарламалар мен жобаларға трансформациялауға болады.

«Өз кезегінде Қазақстан оларды бірлесіп іс жүзінде жүзеге асыру үшін қажетті қаржыға ие. Атап айтқанда, біз 600 млн доллар сомаға 80 тауар атауынан тұратын тізілім жасақтадық. Оны таяу уақыттың ішінде үнді тарапына жібере аламыз. Қазақстанға Үндістан экспортын кеңейту мүмкіндігін қарауға дайынбыз. Осыған орай әрбір елдің бәсекелестік басымдығын ескере отырып, сауда ағынын арттыру бойынша жоспар әзірлеу ұсынылады», - деді ҚР Президенті.


Жоғары қарай