Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан Ресей еншілес банктерінің қаражатын бұғаттаған жоқ - агенттік

2022 жылдың 24 мамыр 2022 13:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпараттық ресурстарда Қазақстанның Ресей еншілес банктеріндегі қазақстандықтардың қаражатын бұғаттағаны туралы дәйексіз ақпарат тараған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ресей банктері активтерін бұғаттау туралы ақпараттың жалған екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік қаржылық реттеуші ретінде клиенттердің қаражатын және еншілес ресейлік банктердің активін оқшаулау бойынша ешқандай шара қабылдаған жоқ және қабылдауға құқылы емес.

Агенттіктің Ресейдің еншілес банктерінен (Сбербанк Қазақстан АҚ, Альфа-Банк Қазақстан және Банк ВТБ Қазақстан) алған ақпараты бойынша, шетелдік банктер банктер шетелдік корреспондент-банктердегі шетел валютасындағы корреспонденттік шотындағы қаражатын бұғаттаған.

Шетелдік корреспондент-банктердегі Ресейдің еншілес банктерінің оқшауланған қаражаты - 9,2 млрд теңге.

Оның 2,7 млрд теңгесі – Сбербанк Қазақстанға, 6,2 млрд теңге – Альфа-Банк Қазақстанға және 0,3 млрд теңге – Банк ВТБ Қазақстанға тиесілі.

Бұдан басқа, шетелдік корреспондент-банктер Сбербанк Қазақстан клиенттерінің 2,9 млрд теңге сомаға және Альфа-Банк Қазақстан клиенттерінің 3,9 млрд теңгеге төлем операцияларын бұғаттаған.

Қазіргі уақытта банктер клиенттерге контрагент банктермен келіссөз жүргізу және тиісті өтініш дайындау арқылы олардың қаражатын қайтаруға жәрдемдесіп жатыр.

Агенттік өз тарапынан банктермен бірлесіп, Ресейдің еншілес банктері клиенттерінің бұғатталған қаражатын қайтару барысын қадағалайды.


Жоғары қарай