Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан-Ресей шекарасында ПТР анықтамасы жоқ 14 адам карантинге жатқызылды

2021 жылдың 12 мамыр 2021 17:53

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардың Ертіс маңындағы мемлекеттік шекарадан бір тәулік ішінде 336 адам өтті. Соның ішінде 14 адам карантинге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ПТР анықтамасы жоқ екі азаматқа, Өзбекстан және Қырғызстан тұрғындарына елге кіруге тыйым салынды», - деп хабарлады аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен. Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысындағы мемлекеттік шекарадағы автомобильдерді өткізу бекеттерінде адамдардың орын ауыстыру мониторингі жалғастырылып жатыр. Тәулік ішінде шекарадан 336 адам өткен, оның ішінде 252 жаяу адам және 84 фура жүргізуші бар. «Карантин стационарына 14 адам жатқызылды. Тәулік ішінде көлік өткелдерінде вирусы расталған оқиғалар болған жоқ», - дейді ведомстводан.

Шектеу енгізілгеннен бері Павлодар облысына 102 587 адам келген, соның ішінде халықаралық тасымалмен айналысатын 61 870 жүргізуші және 40717 жолаушы бар.

Қазақстанның резиденті емес, анықтамасы болмаған 1327 азаматқа шекарадан өтуге тыйым салынған. Осы уақытқа дейін барлығы 26096 ПТР тест жасалып, ауру белгілері болмаған, сырттан әкелінген 189 оқиға анықталды.

«Карантин стационарына ПТР-зерттеу жүргізу үшін Қазақстанның 3036 азаматы жатқызылды» деп түйіндеді эпидемиолог мамандар.


Жоғары қарай