Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңға толықтыру енгізілді

2020 жылдың 25 мамыр 2020 15:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұл толықтырулар Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында енгізілді. Оған сәйкес, партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде отыз пайыз мөлшеріндегі квотаны енгізу қарастырылған.

Басты сөздер: Қазақстан Президенті, Заң,
Жоғары қарай