Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан шикізаттық емес тауарлар экспортын 29 млрд доларға ұлғайтпақ

2021 жылдың 15 қазан 2021 14:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан шикізаттық емес тауарлар экспортын 29 млрд доларға ұлғайтады. Бұл нысандарды салу ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰЭМ мәліметінше, жобаның «Шикізаттық емес экспортты ілгерілету» бағытында 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін 41 млрд АҚШ долларына дейін өсіру міндеті шешіледі. Ол үшін жаңа экспорттаушыларды шығаруға және жұмыс істеп жатқан экспорттаушылардың құзыреттерін арттыруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын дамыту жалғасады. 1 000 белсенді экспорттаушының сыртқы нарықтарға шығуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 350-ге жуық экспорттаушыны электрондық сауда платформаларына (Alibaba, Amazon, OZON) шығару жоспарланған. Мемлекеттік эталондардың халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сынақ зертханалық базаларының 30 пайызы (250-ден астам) жаңғыртылады.

Экспорттаушыларды сыртқы нарықтарға ілгерілету үшін экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыру; сақтандыру, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру; экспорттаушылардың шығындарын өтеу (сауда сөрелері мен сауда алаңдарын жалға алу, шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өту, тауарларды шетелде жарнамалау, шетелдік көрмелерге, форумдарға, жәрмеңкелерге, конкурстарға қатысу); экспорттаушылардың көлік шығындарын өтеу қамтамасыз етіледі.

«Нәтижесінде шикізаттық емес тауарлардың экспорты 14-тен 29 млрд АҚШ долларына ұлғаяды. Көрсетілетін қызметтер экспортының өсуі 2,4 есені (5-тен 12 млрд АҚШ доллары) құрайды», - деп атап өтеді министрліктен.

Айта кетейік, ҚР Президенті Жарлығымен «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Жоба 5 бағыттан тұрады және 6 негізгі міндет пен 13 көрсеткіш айқындалған.



Жоғары қарай