Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зенит-зымыран кешенін сатып алмақшы

2021 жылдың 28 маусым 2021 23:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зенит-зымыран кешенін сатып алмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрілігінің аппарат кеңесінде Қарулы күштерге жаңа әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешенін жеткізу жоспарланғаны жөнінде айтылды.

Аталмыш отырыста әскерді қайта жарақтандыру іс-қимылы баяндалды. Бүгінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары басты назарда. 2019-2020 жылдары Қазақстан әскерінің қарулануына Ресейдің «Бук» зенит-зымыран кешендері, Беларусьтің «Роса» радиолокация стансалары, сондай-ақ еліміздің әуе шептерін қорғауында тұрған отандық «Нұр» РЛС жеткізілді.

Жуырда заманауи «Тор-М2К» зенит-зымыран кешендерін жеткізу жоспарланып отыр. «Тор-М2К» кез-келген үлгідегі ұшақ пен тікұшақты, соның ішінде «көрінбейтін» технологиямен жасалған тікұшақтарды ғана емес, сонымен қатар дрондарды, жоғары дәлдіктегі қаруды, соның ішінде радиолокацияға қарсы және қанатты зымырандарды, басқарылатын авиация бомбаларын анықтап, жоюға қабілетті.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) жеткізушімен шарттар жасасуда. Қорғаныс министрлігі аталған кешенді әзірлеген зауытта отандық әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандарын оқытуды жоспарлап отыр.

Жиында қолбасшылар барынша жеке құрам жұмылдырылған мамандық бойынша даярлық барысын баяндады. Жауынгерлік оқудың бұл кезеңінің қорытындысы алдағы аптадағы бақылау сабақтарының нәтижесіне қарай шығарылады.





Әскери оқу орындарын бітіру рәсімдеріне байланысты, шілдеде жас офицерлер мен сержанттар қызмет атқаруға барады. Қолбасшыларға олардың қызметтік міндеттерге бейімделуін, лауазымды қабылдауын, сондай-ақ әлеуметтік мәселесін шешуді қарастыруын қамтамасыз етуге нұсқау берілді.

Қарулы күштердегі COVID-19-ға ұжымдық иммунитет қалыптасқанын ескере отырып, жауынгерілік даярлық шаралары толық деңгейде өткізілуі тиіс. Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы жеке құрамның 82 пайызы екпенің екі компонентін алғанын баяндады. Сонымен қатар, әлеуметтік қашық пен бетперде режимін сақтау өзекті күйінде қалып отыр.

Бұдан өзге де, қорғаныс министрі елдегі санитария-эпидемиология шаралары күшейтілуіне байланысты өңірлердегі әкімшіліктермен алдын алу шараларына Қарулы күштерді қатыстыру мәселесін қарауды тапсырды. Атап өтсек, объектілерді дезинфекциялау, әскери-далалық госпиталь ашу, азаматтарға көмек көрсету үшін медицина топтарын құру.

«Армия мемлекет атқарып жатқан шаралардан тыс қалмауы керек», - деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Министр қатысқан Мәскеудегі IX халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның қорытындысын ескеріп, Ұлттық қорғаныс университеті мен Бас әскери-медициналық басқармасымен бірігіп әскери медицинаны тәжірибеде қолдану шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуді тапсырды. Олар отандық және шетелдік тәжірибеге жүгіне отырып, емдеу бағытын ғана емес, сондай-ақ медициналық қызметтің күштері мен құралдарын эшелондап орналастыру, логистика, жауынгерлік әзірлікке келтіруге қажетті мерзімдер, медициналық персоналмен жасақтау және ерекше жағдайда қосымша медициналық мекемелерді жабдықтау сияқты әскери қырларын да негізге алып, ескеруі қажет.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы күштер ардагерлерінің жүйелі жұмысына назар аударды. Әскердің мүддесі үшін осы қызметте мол тәжірибесі бар бұрынғы әскери қызметшілерді көптеген салаларға тарту қажет. Бұл әскери-патриоттық тәрбие, қолданыстағы заңды жетілдіру, сондай-ақ Қарулы күштердің кейбір бағыттарын дамыту. Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментіне «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысын жандандыру тапсырылды.



Жоғары қарай