Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан студенттері республикалық онлайн-слетте бас қосты

2020 жылдың 6 қараша 2020 20:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн-форматта Қазақстан студенттері Альянсының XVII республикалық слеті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға елдің барлық өңірінен 300-ден астам жастар, соның ішінде 100-ден астам ТжКБ мен ЖОО жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, жастар және студенттік ұйымдардың көшбасшылары, жастармен жұмыс департаменттерінің директорлары, ЖОО проректорлары қосылды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы саясаты комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов студенттік қозғалысты 15 жылдығымен құттықтап, студент жастардың елдің дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың өзін-өзі басқаруын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау және өзге де жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты.




Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, университеттер басшылығы және еліміздің студент жастары кездесіп қазақстандық білімді дамыту және заманауи сын-тегеуріндердің білім сапасына әсерін, кадрлардың біліктілігін көтеру, жас мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін жаңа форматта ашық талқылады.

Шара қорытындысы бойынша ұсыным әзірленіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Одан басқа, слёт аясында «Ең үздік жастардың өзін-өзі басқаруы», «Дебаттық турнир» конкурсының жеңімпаздары, «Қазақстан алтын жастары» сыйлығының лауреаттары және тағы басқалары арнайы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.


Жоғары қарай