Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан тауар экспорттауды 20,6 пайызға арттырды

2021 жылдың 24 қараша 2021 17:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 9 айында Қазақстан тауарының экспорты 20,6 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік экономикадағы теріс тенденцияның жалғасуына қарамастан 2021 жылдың 9 айы Қазақстан Республикасының сыртқы саудасына айтарлықтай оң динамика алып келді. Атап айтқанда, өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда тауар айналымы 12,7 пайызға артып, 72,8 млрд долларға жетті. Бұл ретте экспорт 20,6 пайызға ұлғайды», - деді министр Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Сонымен қатар ол Еуразиялық экономикалық одақ аясында да 9 айдың қорытындысында тауар айналымы 18,5 млрд долларға жеткенін, бұл 2020 жылғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда 28,4 пайызға жоғары екендігін атап өтті.

«Экспортта 39,2 пайызға артып, 5,6 млрд доллар болды. Біз көпжақты интеграциялық және халықаралық алаңдарда экономикалық мүддемізді ілгерілету бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деді Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай