Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан түркі елдерінің «жасыл» облигацияларын АХҚО-да орналастыруға дайын

2021 жылдың 14 қараша 2021 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасыл технологияға қатысты ортақ жобаларды іске асыру үшін жасыл капитал нарығын дамытудың маңызды екеніне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасыл технологияға қатысты ортақ жобаларды іске асыру үшін жасыл капитал нарығын дамыту маңызды. 10 жылда дүние жүзіндегі жасыл облигациялардың көлемі 20 есе өсіп, 2 триллион долларға жетті. Қазақстан да тұрақты облигациялар нарығын дамытуды қолға алды. Биыл оның жалпы құны 100 миллион доллардан асты», - деді Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде.

Осы орайда Президент бұл жұмыс «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Қазақстан қор биржасында жүргізіліп жатқанын еске салды.

«Мен осы ұйымдардың мол тәжірибесін және тиімді құралдарын кеңінен пайдалануға шақырамын. Біз өңірлік жасыл капитал нарығын дамытуға мүдделіміз. Түркі елдерінің жасыл облигацияларын аталған құрылымдарда орналастыруға дайынбыз», - деді Қ. Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» енді «Түркі мемлекеттері ұйымы» деп аталды.


Жоғары қарай