Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан түрлі елдерден коронавирусқа қарсы вакцинаны салып алу мәселесін зерттеп жатыр - министр

2020 жылдың 21 шілде 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі коронавирус инфекциясына қарсы Қазақстан қай елдің вакцинасын таңдауы мүмкін екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан қазіргі уақытта әртүрлі мемлекеттердің вакцинасын зерттеп жатыр. Бұған дейін айтылғанындай әлем елдерінің вакциналары әртүрлі клиникалық зерттеулерден өтеді. Ресейлік вакцинаға қатысты айтар болсам, біз ондағы әріптестерімізбен серіктесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. Вакцина клиникалық зерттеулердің бәрінен өтіп барып, жаппай ел ішінде қолданыла бастағаны туралы ресми мәлімдеме жасалғаннан кейін ғана біз оны елге әкеле бастаймыз. Мұндай ақпарат келіп түскен кезде ғана қарастырамыз», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша Қазақстанға ең бірінші кезекте вакциналар бойынша зерттеудің нақты нәтижелері керек. Алексей Цой вакцинаның тиімділігі расталған жағдайда ресейлік әріптестермен Қазақстанға алдыңғы кезекте жеткізу мәселесі келісілгенін жеткізді.

«Дәл мұндай келісімге вакцина шығарушы басқа мемлекеттермен де келіп отырмыз. Оның ішінде Қытайда жасалатын вакциналар бар. Қытайлық мамандар БАӘ-мен бірге клиникалық сынақтарды өткізуде. Басқа да вакциналар қазір клиникалық деңгейде зерттеліп, сынақ жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жалпы бәрімен байланыстамыз. Нәтиже шығатын нақты уақытты күтіп отырмыз. Әлемдік қауымдастықтар ол туралы міндетті түрде хабарлайды. Осыдан кейін ғана ең бірінші кезекте нақты қандай вакцинаны алатынымыз туралы нақты шешім қабылданады», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Жоғары қарай