Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстан ұялы байланыс қызметтерінің тарифі бойынша әлемде 37-орында тұр

2021 жылдың 22 желтоқсан 2021 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұялы байланыс қызметтерінің тарифі бойынша әлемде 37-орында тұр. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Асхат Оразбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық электр байланысы одағы есебінің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстан байланыс қызметтерінің тарифтік қол жеткізуі бойынша жоғары позицияда екенін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, ұялы байланыс қызметтерінің тарифтері бойынша Қазақстан 181 елдің ішінде 37-орынды (ТМД елдері бойынша 2-орын), ал интернетке кең жолақты қол жеткізу тіркелген қызметтері бойынша - 23-орында» (ТМД елдері бойынша 2-орын), - деп атап өтеді ол Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Асхат Оразбектің атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстанда итернетке мобильді кеңжолақты қатынау қызметтерін шектеулі операторлар (номиналды түрде 3 оператор – «Кселл» АҚ (Activ/Kcell), «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Altel/Tele2) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline/izi) көрсетеді. Бірақ, іс жүзінде олардың 2 меншік иесі бар. Атап айтқанда, нарықта 39 және 61 пайыздық үлесі бар «Кар-Тел» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ қызмет ұсынады.

«Бұл операторлар арасындағы бәсекелестік әлсіз және осы жайт көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді», - деді министрінің міндетін атқарушы.


Жоғары қарай