Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан вакциналардың қанша дозасын сатып алды

2021 жылдың 20 тамыз 2021 20:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан вакциналардың қанша дозасын сатып алды? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, біз вакцинаның бірнеше түріне келісімшартқа қол қойғанбыз. «Спутник V» бойынша 14 млн 280 мың доза, Hayat-Vax 1 млн доза, QazVac 2,97 млн доза, Sinovac 500 мың доза сатып алынды және 4 млн доза Sinofarm жеткізіледі деп күтіп отырмыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, биыл халықты иммунизациялау үшін вакцина сатып алуға 95,3 млрд теңге жұмсалды. Яғни 10 млн 890 мың адамға екпе жасау үшін осыншама қаржы шығындалып отыр. Сонымен қатар Алексей Цой алдағы уақытта вакцина бағасы төмендейтіндігін, келесі топтаманы біршама төмен бағамен сатып алатындығын баса айтты.



Жоғары қарай