Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 1,2 млн ПТР тест өткізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлінді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 00:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 вирусын анықтау бойынша ПТР тест өткізу үшін қаражат бөлінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Үкіметі резервінен бөлінген қаражат 1 200 000 зертханалық зерттеу жүргізу үшін бөлінген.

«ПТР тест өткізу арқылы COVID-19 ауруын анықтау бойынша 1 020 000 зертханалық зерттеу министрлікке қарасты «Ұлттық сараптама орталығында», ал қалған 180 000 зерттеу ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығында» жүргізіледі. Одан бөлек осы жылдың маусым айында 225 600 тест жеткізілген», - деді ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

Комитеттің хабарлауынша қазіргі уақытта сатып алу процедурасының бәрі жүргізіліп, тасымалдаушымен 554 000 тестті жеткізу бойынша келісім жасалған. Келісімге сәйкес тесттер 1-2 аптаның ішінде жеткізіледі.

«Одан бөлек Ұлттық сараптама орталығы (ҚР ДСМ зертханалары) азаматтарды тестпен барынша қамту үшін мемлекеттік және жеке зертханаларды да тартып отыр. 2020 жылдың 2 тамызындағы жағдай бойынша республикада 239 646 дана тест қалған. Бұл мөлшер – алдағы екі аптаны қажеттігін жауып тұр», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай