Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қазақстанда 1 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 31 қазан 2019 20:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 1 қараша күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Тәуелсіздік Сарайында «Халықты әлеуметтік қорғауды модернизациялау жағдайындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» атты республикалық семинар өтеді.

11.00-де ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың қатысуымен табиғи монополия субъектілерінің тарифін құру ашықтығы мен айқындығы туралы халықпен кері байланысты тиімді орнату жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де «Атамекен» ҰКП ғимаратында «Білім берудегі инновацияларды іске асыру: тәжірибе, мәселелер, келешек» тақырыбында халықаралық форум өтеді.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігінде Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті басшылығының қатысуымен елдегі есірткі ахуалы, «Көкнар» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелері және синтетикалық есірткіге қарсы күрес туралы брифинг өтеді.

12.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану және бизнеске арналған салық жеңілдіктері туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-да Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздары таныстырылатын республикалық көрме өтеді.

16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады.

16.00-де ҚР Әділет министрлігінде министр Марат Бекетаевтың төрағалығымен Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

16.30-да ҚР Сыртқы істер министрлігінде «БҰҰ және Қазақстан: тұрақты болашақ жолында бірге» тақырыбында брифинг өтеді.

17.00-де Тәуелсіздік Сарайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың қатысуымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауының жеңімпаздары мен Қазақстанның үздік әлеуметтік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

18.00-де Назарбаев Университетінде Astana Ball 2019 өтеді.

19.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Ресейдің ұлттық бірлігі күніне арналған «Шеберлік елшілігі» жобасының мерекелік концерті өтеді. Солистер – халықаралық байқаулардың лауреаттары Камил Мухаметдинов (виолончель) және Тимофей Доля (фортепиано).

АЛМАТЫ

9.00-де RIXOS қонақ үйінде «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. КРТ: бүгіні мен болашағы» атты Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының XI Халықаралық конгресі өтеді. Оған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысады.

10.00-де ҚР Ұлттық ғылым академиясында «Ұлы даланың көрнекті есімдері: академик Рабиға Сыздық және қазақ сөзінің көркемдігі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

10.00-де «Тұран» университетінде қалалық қоғамдық кеңестің ыңғайлы қалалық орта мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында әйгілі қазақстандық жазушы Герольд Карлұлы Бельгердің 85 жылдығына арналған «Жүрегімнің үш пернесі» атты Алматы қалалық оқырмандар байқауы өтеді.

10.30-да Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақстанның дүнгендері: мәдениеті мен дәстүрі» атты мерекелік шара өтеді.

11.00-де Мемлекеттік қызметтер тізілімінен мекенжай анықтамасының алынып тасталуына байланысты Медеу ауданындағы Азаматтарға арналған үкімет кеңсесінде БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Жоғары қарай