Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 1 тамызда күн райы қалай болады

2021 жылдың 1 тамыз 2021 06:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 1 тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күні антициклон сілемі бар Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай және бұршақ болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ, дауыл болады. Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі, Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай