Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік жүмыс істеп жүр

2021 жылдың 18 қараша 2021 10:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қарашадағы жағдай бойынша 16 059 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында еңбек етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 647 (басшы және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 222 (құрылымдық бөлімше басшылары). Жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 746 адам және 718 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа – 1 769 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 957 адам тартылған», делінген министрліктің мәліметінде.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартқан 1 739 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшы санының 97%-ы.

«Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 4 068 адам, Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 адам, Ұлыбритания – 1 047 адам», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 29,3 мың адам немесе 0,31%.


Жоғары қарай