Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қазақстанда 17 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 19:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 17 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі және басқа да рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту, Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба мәселелері.

Сағат 09.00-де «The Ritz-Carlton Astana» отелінде «Бәсекеге қабілеттілікті өзгерту: Ұлттар-Энергия-Индустрия-Қалалар-Дарындар» тақырыбына Жаһандық Инновациялық саммиті өтеді.

Сағат 10.00-де Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазақстан-Иран экономикалық зерттеу орталығы ашылады.

Сағат 10.30-да Rixos President Astana қонақ үйінде Қазақстандағы алғаш рет «Инновацияның қозғалтқыштары қызметіндегі коучинг және ментерлік» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Іс-шараның басты ұйымдастырушысы – ICU Коучтары одағы.

Сағат 10.30-да «Астана» Медициналық университетінде «Жеңіл физиологиялық толыққанды ауыз судың ғарышкер ағзасының функционалды резерв деңгейі және өмір сапасына әсері» атты конференция басталады.

Сағат 11.00-де Мәжілісте «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңына енгізілетін түзетулер таныстырылады.

Сағат 11.00-де Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 14.45-те Қазмедиа орталығында 19 қазанда Сочиде өтетін FIGHT NIGHTS GLOBAL 95 турниріне баратын – Жалғас Жұмағұлов пен Әли Багаутдиновтың қатысуымен баспасөз конференция өтеді.

Сағат 16.00-де Мәжілісте Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша түзетулердің таныстырылымы өтеді.

Сағат 19.00-де «Астана» концерт залында әйгілі Біржан салдың 185 жылдығына арналған «Ән жүйрігі – Біржан сал» атты ән кеші өтеді.

АЛМАТЫ

Сағт 11.00-де «Ski Park Pioneer» отбасылық саяжайында «Алматы марафоны - 2019» қайырымдылық мақсатын іске асыру аясында салынған көпфункционалды спорт алаңының тұсаукесері өтеді.

Сағат 15.00-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Әлемді ашуға — әлемге ашуға. Көркем аударманың мәселелері және жазушылық байланыстар» атты брифинг өтеді.

Сағат 16.00-де Almaty Art Center-де белгілі қазақстандық суретші әрі педагог Серікбай Әлжановтың жеке көрмесі ашылады.

Сағат 17.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының Орталық көрме залында Корея суретшілерінің Халықаралық қауымдастығының ұйымдастыруымен «2019 Корей көркемсурет көрмесінің» ашылуы өтеді. Экспозицияда қазіргі корей суретшілерінің 90 кескіндеме және акварель туындылары қойылады.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай